top of page

    Бұқар жырау ауданы - Қарағанды облысының солтүстігіндегі әкімшілік аудан. Орталығы - Ботақара кенті. Жерінің жалпы ауданы - 14,4 мың шаршы км. Ауданда 3 кенттік, 25 ауылдық әкімшілік округ бар. Ауданның көпшілік жерін Сарыарқаның ұсақ шоқылы, қырқалы белесті жазығы алып жатыр. Ең  биік жері солт.-шығысындағы Семізбұғы тауы (1049 м). Жер қойнауында тас көмір (Жоғ.Соқыр, Құшоқы кендері), қоңыр көмір және құрылыс материалдарының мол шикізат қоры барланған. 

    Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы біршама ыстық әрі құрғақ. Аудан жері арқылы Нұра, Шерубай-Нұра,  Бала шілдерті, Ащысу өзендері, Ертіс-Қарағанды каналы ағып өтеді. Шыбынды, Ботақара, Батпақкөл, Шалқар көлдері, Нұра өзенінде Самарқан бөгені бар. 

Шуағы күннің түскен жер

(Бұқар жырау аудынының гимні)

 

Әні, сөзі: Жанайхан Мұқтар

 

Еңбектің алтын ордасы,

Бірліктің жарқын жобасы.

Еісесі биік елімнің

Әрқашан бассын оңға ісі.

 

Қайырмасы:

Шуағы күннің түскен жер,

Көркейіп, жайнап өнген жер.

Бұқардай ұлы бабаның

Атымен рухы өскен ел.

 

Көркейді бүгін алабы

Ерімен елдің саналы.

Тірек боп Отан – анаға,

Етерміз еңбек сапалы.

 

Қайырмасы:

 

Нұрланттың асыл Арқаны,

Тәуелсіз, теңдік алқабы.

Ынтымақ, бірлік, игілік,

Өзіңде орын тапқаны.

 

Қайырмасы:

 

Дүлдүлді талай тербеткен,

Бас идім асыл далама.

Баурайы құт пен кие ескен,

Жыланды, Ботақарама.

 

Бұқар жырау ауданының

гербі

Бұқар жырау ауданының

картасы

bottom of page