top of page

Алпысбес М.А., Аршабек Т.Т.

Бұқар жырау ауданының тарихы (Монографиялық зерттеу)/М.А.Алпысбес, Т.Т.Аршабек.- Қарағанды: Tengri Ltd., 2012.- 476 б.

 

    Бұл ғылыми зерттеуде Ботақара-Нұра өңірінің көне жәдігерлері, тарихи дамуы, жер-су атауларының өзгеруі, өлке этнографиясы мен мәдениеті, осы өңірдің әкімшілік-аумақтық өзгерістері, соның ішінде Бұқар жырау ауданының қалыптасу тарихы баяндалады. Далба, Ботақара, Нұра өлкесінде Абылай заманында жасаған әйгілі тұлғалар Бұқар жырау, Едіге би, Олжабай батыр, Бекайдар би, Байдалы би тарихынан, Бөкей хан, Шоң би, Шорман би, Алшынбай би, Игілік мырза, Жұман бай, Мәнжі батыр, Мәңкі батыр, Тәти мырза, Мұса мырза, Жыржыс қажы, Әбәйділда қажы сынды қасиет иелері, Доскей, Ахметбек, Көшен, Қабыл ақын сияқты өнер иелерінің тарихына қатысты мағлұматтар жинақталып, тарих үдірісі, заман өзгерісіне қатысты жүйеленген. 

 Кітап тарихшыларға, өлкетанушыларға, гуманитарлық саладағы барлық ізденушілерге және жалпы оқырман қауымға арналған.

Бұқар жырау ауданы мынжылжықтар көрінісі = Бухаржырауский район панорама тысячелетий - Москва: ООО "Профинжиниринг", 2008.- 204 с, фотоальбом.

В данном фотоальбоме впервые за всю историю существования Бухаржырауского района предпринимается попытка комплексного рассмотрения истории района через призму тысячелетий, проиллюстрировать многогранные процессы, которые происходили на территории района.

Рассчитан, прежде всего, на школьников, краеведов и всех интересующихся историей Казахстана.

"Бұқар жырау ауданы: аула тарихынан аудан тарихына"-"Бухар-жырауский район: от истории двора к истории района" / М.Н.Асқарова, Б.С.Жекенова, Г.М.Түспекова - Қарағанды: ТОО "Саран", 2010.- 324 б.- қазақша, орысша.

 "Бұқар жырау ауданы: аула тарихынан аудан тарихына" кітабы өткен ғасырдағы ең маңызды да ерекше оқиға - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы кеңес халықтары Жеңісінің 65 жылдығына арналған.

  Бұл тек тарих ғана емес - бұл біздің өлкенің ең қарапайым адамдарының батырлығы, өшпес қаһармандық ерлігі мен даңқы туралы деректер. Кітап-естелік, кітап-тағзым, кітап-мәңгілік...

  Кітап өз өлкесінің тарихына деген қызығушылығы бар оқырманға арналған.

Т.Т. Аршабеков, Ж.А.Жұмабеков, С.О.Жеттісов.

Бұқар жырау ауданының топонимикасы/ - Қарағанды: "Гласир" баспасы, 2014. -364 б.

  Бұл ғылыми зерттеуде Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының топонимикалық картасын зерттеу мәселесі қарастырылады. ХІХ-ХХ ғасыр басындағы елді мекен, жер-су атауларының тарихи, тілдік, әкімшілік-аумақтық анықтамасы және сұлбалық картасы оқырман қауымға алғаш рет ұсынылып отыр. Кіиап өлкетанушыларға, тарихшыларға, барлық оқырман қауымға арналады.

bottom of page