top of page

Досанова Несібелді Сағымбекқызы 1941 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды облысы Ульянов ауданы Доскей ауылында дүниеге келген.

Доскей ауылындағы мектептің 7 сыныбын  бітірген. 10 жасынан бастап әкесіне мал бағуға көмектескен.
1958 жылы «Победа» совхозының екінші бөлімшесіне сауыншы болып жұмысқа орналасқан.
1963 жылы аудандық Кеңеске депутат болып сайланды.
«Еңбек қызыл ту» орденімен марапатталған.
1975 жылы ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1991 жылы зейнеткерлікке шыққан.
«Бұқар-Жырау ауданының Құрметті азаматы» жоғарғы атағы Несібелді Сағымбекқызы Досановаға Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаттың 2006 жылдың 9 қазанындағы XXXI сессиясының шешімімен берілді.

bottom of page