top of page

Рамазан Нәрешұлы (4.03.1927-13.07.2001) - ұстаз, ақын. Атырау облысының Қызылқоға ауданы Миялы ауданында дүниеге келген. 1938 жылы Қарағанды қаласындағы оқытушылар институтында ұстаздық ететін ағасы Айтбай қамқорлығымен Қарағанды қаласындағы қазіргі Н.Нұрмақов атындағы мектептен білім алады.

Әдебиетші ағасының тәрбиесімен Рамазан жастайынан көкірегі ояу боп, өлең шығаруға әуестеніп өседі. Көркем әдебиетпен шұғылданады. Осындай әдеби ортада өскен Р.Нәрешев 1942-1944 жж. оқытушылар институтында тіл мен әдебиет факультетінде, 1946-1949 жж. Алматыдағы ҚазМУ-де оқып, атақты оқымыстылар М.Әуезов, С.Кеңесбаев, Қ.Жұмалиев, М.Балақаев, Е.Ысмайылов сынды оқытушылардан дәріс алады. Жазғы демалысында Ұлытау экспедициясына қатысып, М.Әуезовтың тапсырмасымен ел аузынан «Жошы хан», «Ақсақ құлан» аңыз-әңгімелерін, ертегілер жинап тапсырған.

Көркем әдебиет баспасында корректор болады.  1949 жылы қыздар педагогикалық институтында М.Әуезовтың шығармаларын насихаттаушы-лектор болып бекітіледі. 1950 жылы философия мен шет тілінен кандидаттық минимум тапсырады, диссертацияны қорғау мерзімі 1952 жылға бекітіледі.

Саяси көзқарасы мен ғылыми еңбектеріне «ұлтшылдық» таңбасы басылып, 1951-1956 жж. сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, «саяси қауіпті қылмыскер» деп танылып, 10 жыл мерзімге бас еркінен айрылады. Тек «жылымық» жылдардың оң өзгерісі ғана ұзақ жылдар қиянатынан арашалайды.

Р.Нәрешұлы.

"Өмір өткілдері" - Қарағанды, 1994. - 153 с.

Жұртшылыққа аты мәлім белгілі қаламгер Рамазан Нәрешұлы "Өмір өткілдері" атты кітабында ұлы жазушы, академик М.Әуезов, ақиық дауылпаз ақын Қ.Аманжолов  тағы басқа халқымыздың көрнекті адамдары жайлы төгілдері  сыр шертеді. Оқу, өнерге талпыныс жасаған кезеңдері мен жазықсыз жалаға ұшырап, жапа шеккен жылдарын жырға қосады. Туған тіліміз жөнінде толғаныстар, ауыл еңбеккерлерінің ерен істері сөз болады.

bottom of page