top of page

Құлама су / каскад/ - «Вашкевич» жеке кәсіпкер құрылысшылары салған.

Жоба авторы – Владимир Вильгельмович Вашкевич Астана қаласында бірнеше фонтандар тұрғызған адам. Ауылда туып өскен, әсемдікті сүйеді.

Сұлу нәрсе тек қалада ғана болу керек деген ұғымды жойып, Қазақстанның түкпір-түкпіріне жол бастайтын ортада, тоғыз жолдың торабында тұрғанын  қалап, мақсатына жетіп, оны осы Ботақара кентінде жүзеге асырды.

Жыланды тауының етегінде 3000 кв.м. аумақ жерді алып жатыр.  

27 баспалдақпен жоғары көтеріліп, ауданның  жалпы көрінісін тамашалауға болады.                    

Ішке енбес бұрын кіре берістегі ағаш кітапта  жазылған өлеңді оқыған дұрыс. Одан кейін бірден көзге шалынатын қойтасқа /валун/ жақсы ниет-тілекпен қол тигізу – жағымды бір әсер береді  екен. Бұл қойтастың қайдан алынғаны құпия. Одан кейінгі жоғарырақ орналасқан  тастың бір ерекшелігі: айналасындағы адамдардың көңіл-күйіне қарай түсін өзгертіп отыратындығы. Жақсы көңіл-күй болса, қара көк түске, жаман көңіл-күйде болса, қара түске ауысады.

Су ағатын арнаның айналасы қаланған домалақ тастар арнайы Қапшағайдан әкелінген. Жоғарыдан құлап ағатын судың өзі төрт түрлі түспен ағады. Осы биікте жоба авторы сайын даладан тауып алған, сыртын мүк басқан жүрек пішініндегі үшінші тас бар.  Оны «ғашықтар тасы» деп атаған.

Айналадағы ағаштардың өзі де ерекше: Қазақстанның ыстық жақтарынан әкелінген «банзай» деп аталатын қарағай түрі. Кешкілік ерекше бір әсер беретін  265 шам  орнатылған. Осы нысанға барлығы 13 миллион теңге қаражат жұмсалды.

bottom of page