top of page

«Бота үстіндегі бала» - Ботақара тарихи атауымен үндес ескерткіш. Бота – өмірге төзімділік, шыдамдылық, мықтылық  және халқымыздың  терең тамыры ұғымын білдіреді. Үстіндегі  күн ұстаған бала – болашақ, ботақаралықтардың  жаңа ұрпағы. Қолындағы күн – Отанымыздың тыныштығы, бейбіт өмір, ашық аспан. Қарлығаш құсы – үнемі жүрегі жақсылыққа толы,  адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. «Қарлығаштай қанатымен су сепкен» деген теңеудің айтылуы да бекер емес.

bottom of page