top of page

1995 жыл:

 «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды».

«Никто не забыт, ничто не забыто» мемориалы:

 

Ботақара кентінде Ұлы Жеңістің 50 жылдығына орай салтанатты түрде ашылды. Аталмыш ескерткішке осы Ботақара кентінен аттанып, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және белгісіз кеткен жауынгер-майдангерлердің  аты-жөні енгізілген. Оған 1278 жауынгердің есімі  тіркелген. Ескерткіш мрамордан жасалынған.

2010 жыл: Аудан әкімі Е.Е.Нашаров тұсында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай ескерткіштің тақтасындағы мрамор плиталары қара түсті керамогранитпен ауыстырылды. Қабырғалары керамогранитпен ауыстырылды. Жазу мен мәңгілік алаудағы жұлдыз жаңартылып боялды. «1941-1945» жазулары жаңартылды. Жауынгерлер есімі 324 адамның аты-жөнімен толықтырылып, барлығы 1602 адам болды. Аудандық ардагерлер кеңесінің үндеуімен жұртшылықтан, мекеме мен ұйымдардан, кәсіпкерлерден қаражат жиналды. Жалпы ескерткішті өңдеуге  7 миллион теңге ақша жұмсалды.

Сол кездегі дерек бойынша аудан бойынша 39 соғыс ардагері, 734 тыл ардагері, 12-і фашистік концлагерлер тұтқынында болғандар. Жалпы аудан бойынша 19 млн.193 мың теңге материалдық көмек, оның ішінде 7 млн.868 мың теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген.

2015 жыл: 12 қаңтарда Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қараңында аудан әкімі Н.Кобжанов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арбабаев, Қарағанды облысының суретшілер Одағының төрағасы А.Калмахановпен кездесіп, ескерткіштің жайын көрді. Ондағы мәңгілік алау жұлдызын және «Никто не забыт, ничто не забыто» жазуларын өңдеу, ескірген керамика плиталарын гранитпен ауыстыру, гүл клумбаларын орнату, сонымен қатар екі жерлесіміз, Кеңес Одағының Батырлары: И.И.Корнеев, П.П.Корниенколарға арналған естелік плиталар орнату,  сынды жұмыстар жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 8 миллион теңге ақша бөлінді.

bottom of page