top of page

1921 жыл 7 сәуір :

Совет өкіметін орнату жолында

 қаза тапқан жауынгерлер ескерткіш-обелискі

 

   1921 жылдың басында Қазақстанның солтүстігінде Есіл-Петропавл эсерлері мен кулактарының бүлігі  бұрқ ете түсті. Олардың бүлікшіл қозғалысынан хабардар болып отырған елді мекендердегі поптар мен кулактар алдын ала азық-түлік дайындап, қызыл ұйымдағы адамдар тізімін жасап көрсетіп беріп отырған. Қызыл Армия бөлімдерінің соққысынан бүлікшілер Қарқаралыға қарай шегінді. Жолшыбай ел тонап, Святогоровкада, Крещеновкада, Астаховкада, Сергиополь, Миньковкада т.б. селоларда совет қызметкерлерін айуандықпен өлтірді.

   1921 жылы 5 сәуірде таңғы сағат 10-00-де қарақшылар қазіргі Ботақара кенті, бұрынғы Санниковское селосына басып кіріп, 13 коммунисті, комсомолдар мен партияда жоқ активтерді айуандықпен жазалады. Олар: Березюков Ефим, Березюков Петр /әкесі мен ұлы/, Логвиненко Николай, Васильченко Степан, Рябинин Николай, Рябинин Тимофей, Черняев Кузьма, Чубов Петр, Горбатенко Адам, Лащухин Илья, қалған үшеуі азық-түлік отрядынан: Николаев, Пьянков, Петров.  

   Екі күннен кейін келген қызыл әскерлер 7 сәуір күні қаза тапқан 13 адамды бауырластар зиратына қойып, ағаштан обелиск тұрғызып, есімдерін жазып, басына қызыл жұлдыз орнатқан.  Кейін 1958 жылы бұл ескерткіш-обелиск  өңделіп, тастан қаланды.

  2016 жылы жұртшылықтың бастамасымен өшуге айналған есімдері қайта қашап жазылынды. Ботақара кентінде осы 13 адамның ішінен Березюков пен Черняев атында көшелер бар.

bottom of page