top of page

   2010 жыл 27 тамыз:

«Шамшырақ»  демалыс  орны

 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдық  мерекесі  қарсаңында  автобекет  алдында салтанатты түрде ашылған «Шамшырақ» демалыс орны. Салтанатты шара «Лаула, лаула»  атты би композициясымен ашылып, құттықтау сөздерден кейін кент өнерпаздарының концерттік бағдарламасы, одан кейін Қарағанды қаласынан арнайы шақыртылған «Шыңдауыл» ұрмалы аспаптар оркестрінің өнері тамашаланды.

«Шамшырақ» композициясы - шаңырағымыз биік болсын, отымыз сөнбесін, қазанымыз ортаймасын, ынтымағымыз жараса берсін деген ұғымдарды біріктірген дүние. Бүгінде бұл орын жолаушылардың  демалыс орнына айналды.

bottom of page