top of page

   Бұқар жырау даңғылы - Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында орналасқан. Темір жол вокзалынан сотүстік-батысқа қарай Ермеков, Әлиханов, Комиссаров, Сәтбаев, Жамбыл көшелерімен, Нүркен Әбдіров, Ленин даңғылдармен, Бейбітшілік бульварымен қиылысып, Үлкен Бұқпа өзенін кесіп өтеді.

   Соғысқа дейінгі жылдары, Қарағанды темір жолы торабы мен кірме жолдардың дамуына, Жаңа қаланың жерін игеруге байланысты қалыптаса бастады. Оның бойына негізінен бес және тоғыз қабатты үйлер салынған, олардың бірінші қабаттарында сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары орналасқан. 

   Әлиханов көшесімен қиылысында - қаланың орталық алаңы, Қарағанды облысының әкімшілік ғимараты бар. Бұқар жырау даңғылы боыйнда мыналар орналасқан: Кеншілер мәдениет сарайы, музыкалық комедия театры, тау-кен техникумы, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы, бейнелеу өнері мұражайы, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры, "Шахтер" стадионы, "Шахтер данқы" монументі, Н.Әбдіров, Бұқар жырау ескерткіштері және т.б.

11821949035811940_d67b
31423428
11821949048001231_3660
11821949036835350_c679
0_a3d00_b56fb039_XL
11821949034332897_0aec
11821949035600203_8de7
11821949033819018_3e88
Пайдаланған әдебиет: 
Бұқар жырау: энциклопедия / ред. Н. Дулатбеков. –Қарағанды: «Болашақ-Баспа», 2013. – 600 б.
Фото Интернет желісінен алынған.
bottom of page