top of page

Үш ғасыр жырлайды : Қазан төңкеріске дейінгі қазақ ақындарының шығармалары / - Алматы : Жазушы, 1965 . - 679 б.

    Кітапқа сонау XVIII ғасырда өмір сүрген, шығармалары ауыздан-ауызғатаралып келе жатқан Бұқар жырау Қалқаманұлы және оның тұстастары, XIX ғасырдың алғашқы жарымында өмір сүрген ардагер ақын Махамбет Өтемісұлы және оның тұстастары, одан бергі  жерде  XIX ғасырдың екінші жарымында қазақ жазба әдебиетінің негізін салған классик ақынымыз Абай Құнанбаевпен замандас ақындардың және ХХ ғасырдың басынан Ұлы Октябрь күндеріне дейін өмір сүрген қазақ жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің таңдамалы шығармалары енгізілді.

    Бұл кітапта еліміздің басынан кешірген ұлымы-кішілі тарихи оқиғалар, бостандық жолындағы халқымыздың күресі, еңбек сүйгішті көркем жыр әсем дастандар арқылы көрінеді.

    Бұқар жырау Қалқаманұлы өлең – С.53-68

Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті: (Зерттеулер).-Алматы: Ғылым, 1983.-360 б.

     Кітап XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы туралы алғашқы монографиялық зерттеу боп табылады. Мұнда ауыз әдебиеті мен жеке ақындар творчествосының байланысы, жыраулар творчествосының көркемдік ерекшеліктері, даму кезеңдері, жанрлық сипаты, әдебиеттің туып, қалыптасуында жыраулардың ролі, т.б. проблемалар қойылып, зерттеледі. Кітап екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде проблемалық зерттеулер, екінші бөлімде Шәлгез, Ақтамберді, Бұқар, Шал тәрізді көрнекті ақын, жыраулар творчествосы жеке-жеке қарастырылады.

      Кітап студенттерге, жоғары мектеп пен орта мектеп мұғалімдеріне, ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ жалпы оқушы жұртшылыққа арналады. 

      Бұқар Қалқаманұлы – 276-310 б.

Поэзия жырау: Стихи казахских поэтов XY – XVIII веков. Пер. с каз. – Алма-Ата: Жалын, 1987 – 88 с.

     В сборнике представлен один из наиболее древних пластов казахской поэзии – философско-назидательная лирика поэтов-войнов – жырау. Будучи свидетелями и непосредственными участниками многих драматических событий истории, жырау своими стихами воспевали мужество и героизм, беззаветное служение народу. Толгау (лирико-философские размышления) и поэтические миниатюры, собранные в книге, отражают морально-этические идеалы жителей степи, их    

философские воззрения.

     Буқар жырау (өлең) - С.61-85

Қазақ халқының қаһармандары/І жинақ/. – Павлодар, 1991 ж. -86 б.

   Бұл жинақ – қазақ елінің, жерінің қорғаны болған батыр бабаларымыздың бейнесін, ерлік істерін мәңгілік есте қалдыру үшін ө шығарылған. 

  Бұқар жырау  туралы мәліметтер -  13 – 18 б.

Көпеев М.Ж. Екі томдық. 2 –т. – Алматы, Ғылым, 1992, 224 б.

 

      М. Көпеевтің шығармалар жинағының екінші томына оның өзі жинаған халық әдебиетінің ең асыл үлгілері енгізлген. 

 

      Бұқар жырау туралы мәліметтер - 114-117 б.

bottom of page