top of page

Мағауин М

     Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет [Text] : (XV-XVIII ғасырлар) Мағауин, Мұхтар- Алматы : Ана тiлi, 1992 .– (Қазақ әдебиетінің тарихы.– 8500 дана . – 5-630-00094-2(мұқ.) 3-кітап .– 175 б. – 5-630-00094-2(мұқ.)

     Белгілі жазушы және әдебиет зерттеушісі М. Мағауиннің «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» атты еңбегі көп томдық қазақ әдебиеті тарихының үшінші кітабы. Ғалым жаугершілік, ұлы жиын, той-думан күндерінде, ел абыржыған, халық толқыған, хан дағдарған кездерде жұрт алдына шығып, көсемдік танытқан жыраулардың жырщылық өнерін саралай зерттеп, толғаулардың ойшылдық, сыршылдық синатына барынша кең тоқталады. Жыраулардың ерте кездегі халық поэзиясын дамытушы өнегелі ақын, әрі елдің ақылғой ақсақалы ретіндегі бейнесін ашып көрсетеді. Кітап жоғарғы оқу орындары студенттері мен оқытушыларына, қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші аспиранттарға, көпшілік оқырман қауымға арналған. 

       Бұқар жырау Қалқаманұлы – С.93-112

Қоңыратбаев Ә.

     Қазақ әдебиетінің тарихы: Оқу құралы. – Алматы: “Санат”, 1994.-312 б.

 

     Бұл кітапта қазақ әдебиеті тарихының хандық дәуірінен бастап ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейінгі кезеңі қамтылған.

    

 

    Бұқар жырау туралы мәліметтер  - 42 - 56

Екі мыңжылдық дала жыры [Мәтін] / - Алматы : «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2000 . - 752 б., порт.

 

  Қазақ поэзиясының екімыңжылдық тарихын қамтитың бұл кітапқа біздің заманымыздаң бұрын өмір сүрген Заратуштра, Анахарсис бабаларымыздаң бастап бүгінгі жас ақындарға дейінгі талантты тұлғалардың ең жауһар жырлары енді.

   Қазақстан мен Орта Азия тарихында тұңғыш рет жарық көріп отырған бірегей поэзия антологиясы қалың оқырман қауымның қастерлі бір мүлкіне айналып, алыс-жақын шетелдердегі зиялы қауымның да қызығушылығын тудырары сөзсіз.

    Бұқар жырау Қалқаманұлы – С.147-153

 Кәрібаева, Б

      Қазіргі  қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. Сын-зерттеу. Астана: Елорда, 2001.-312 бет.

     Сыншы ғалым Бақыт Кәрібаеваның бұл кітабы қазіргі қазақ әдебиетін монографиялық тұрғыда, көркемдік даму арналарымен тұтас қарастырған тұңғыш еңбек. Осы бағытта қазіргі профессионалды қазақ әдебиетінің көркемдік даму тенденцияларын айқындай отырып, кеңестік кезенде бұрмаланған зерттеу методологиясын өнердің концептуалдық мәселелерімен бетпе-бет алып әдебиеттанудағы ақтандақтар орынын толтыруды көздейді. Әсіресе, бұрын көп мән беріле зерттелмеген әдебиетіміздің жанрлық-стильдік ерекшеліктері кеңінен сөз болады: Абай биігінен таразыланып көркемсөздің түбегейлі  мұрат-үрдісіне ойысады.

      Кітап қазақ әдебиеті көкжиек көгін кеңірек көріп, түр мазмұн терендігін пайымдауға ғылыми айқын жол ашады. Өскелең  ұрпақтың жаңа көзқарасына, қазақ сөзінің болашақ зерттеулеріне  мұрындық болатын бағыт-бағдарлама еңбекте аз кездеспейді. Сондықтан бұл еңбек терендетілген арнайы мектеп оқушы оқытушыларына, жоғарғы оқу  орындары студент-іздеушілеріне, жалпы оқырманға арнап шығарылып отыр.

      Буқар жырау поэтикасы - С.30-42

Төреқұл, Н

      Даланың дара ділмалары. – Алматы: ЖШС  «Қазақстан» баспа үйі», 2001, - 592 бет.

       Қазақтың би-шешендері жөнінде бұған дейін бірсыпыра басылымдар жарық көргені мәлім. Алайда оның бәрі халқымыздың аяулы тұлғаларын толық қамти алмағаны тағы белгілі болатын. Өйткені ғасырдан ғасырға ел аузында сақталып келген шешендік ұлағаттық мұраларды жинақтау, зерттеу, саралау недәуір қиындықпен және уақыт сабақтастығымен жүзеге асатыны аян. Қолдарыңыздағы қос кітап осы біраздан бері қолға алынып келе жатқан жауапты жұмыстың түйіні, қорытындысы іспеттес. Мұнда  ұлтымыздың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін әртүрлі жолдармен жеткен би-шешендердің қасиетті сөздері, олардың өмірі, тарихымызбен тамырлас қилы іс-әрекеттері түгелге жуық қамтылды деуге болады.                 

       Бұл тұрғыдан кітаптың анықтамалық сипаты басым десек артық айтқандық емес. Бірінші кітапта біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген қадым заманның қайраткерлерінен бастап, ХІХ-ғасырдың басына шейінгі би-шешендер хронологиялық жүйемен берілсе, екінші кітапта одан бергі уақыттағы би-шешендерді  топтастыруға тырыстық. Кітап қалын оқырманға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, жалпы тарих танушы, қоғам танушы  көпшілікке арналған.

        Буқар жырау (өмірбаян) - С.161-171

Магауин, М

        Кобыз и копье. Повествование о казахских акынах и жырау ХV-ХVІІІ веков [Текст] / Магауин, Мухтар,– 5-е изд., перераб.- Алматы : Мектеп, 2003 . - 176 с. – (Серия «Слово седьмое»).

       «Кобыз и копье» - первая исследовательская работа известного писателя, ученого, историка литературы Мухтара Магауина. Ему было немногим более двадцати, когда пришло осознание значимости высокого искусства поэтического слова, дошедшего до нас в сохранившихся произведениях средневековых казахских жырау и акынов. Он первым, и наперекор устоявшимся тенденциям в казахском советском литературоведении, начинает серьезно заниматься изучением творчества степных поэтов-воинов. «Поэзия жырау совершенна», - утверждает автор. И этому безоглядно веришь, слушая, с каким упоением он и сегодня читает их стихи. Даже не знающий казахского языка чувствует их ритм и мелодику, заражается их энергией. А для поэтов-переводчиков книга М.Магауина, когда она вышла впервые, стала единственным пособием, помогающим подступиться к словесному искусству казахов-кочевников, освоить его художественные приемы и особенности.

       Увлеченность автора темой, живость изложения материала и язык, каким написана книга, способствует ее популярности. В 1968 году она впервые вышла на казахском языке, в 1970 – в переводе, на русском языке, выдержала несколько переизданий. Но главный интерес к ней – в стремлении наших современников познать корни самобытной культуры своих предков. Оно же лежит в основе всех книг серии «Слово седьмое» издательства «Мектеп».

       Бухар-жырау (о нем) – С.98-115

bottom of page