top of page

Мағауин, М

        Қобыз сарына. XV-XVIII ғасырларда жасаған қазақ ақын-жыраулары. - Өңделіп 5-ші басылуы. – Алматы: Мектеп, 2007. – 192 б. («Жетінші сөз» сериясы).

     «Қобыз сарына» - белгілі жазушы, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым Мұхтар Мағауинің тұңғыш ғылыми еңбегі.

    Ортағасырлық қазақ ақын-жыраулары сөз өнерінің құдіретін сезініп, мәнмаңызына ден қойғанда, ол жиырмадан енді ғана асқан еді. Қазақ-совет әдебиеттануында қалыптасып қалған тенденцияға қарамастан, жас ғалым алғаш рет дала жауынгер-жырауларының шығармашылығын зерттеуді қолға алды. Оның тұжырымдауынша, жыраулар поэзиясы – жетілген, кемеліне келген бірегей туындылар. Оларды жан дүниесімен беріле, шабыттана оқығанда бұл пікірдің шындығына көзіңіз жетеді. Қазақ тілін білмейтіндердің өзін жырлардың ырғағы мен әуез-сазы, күш-қуаты бірден баурап алады. Кітаптың алғашқы басылымы көшпенді қазақ сөз өнерінің сыр-сипатын ұғып, көркемдік тәсілі мен ерекшеліктерін меңгеруде аудармаша ақындар сүйенген бірден-бір құрал болды.

     Тақырыптың қызығушылықпен зерттеліп, зерделенуі, баяндау әдісінің жандылығы мен тілінің бейнелілігі кітапты оқырманға кеңінен танытты. 1968 жылы ол алғаш рет қазақ тілінде, ал 1970 жылы орыс тілінде көрді, бірнеше рет қайта басылды.  Ең бастысы, бұл кітапқа қызығушылықтың артуы – біздің замандастарымыздың төл мәдениетіміздің түп тамырын танып-білуге деген  құштарлығында. «Мектеп» баспасынан жарық көретін «Жетінші сөз» сериясының барлық кітаптары осы құндылықты арқау етеді.    

      Бұқар жырау – С. 102-121б.

Көпейұлы М. Ж.

Шығармалары. – Алматы: «Ел-шежіре», 2008. Т.7. - 352 б.

 

   Жетінші томда халық ауыз әдебиеті, яғни әр кезде ауызша шығарылып, Мәшһур Жүсіптің жинап қағазға түсіруімен жеткен түрлі ақындар туындылары топтастырылған. Кітап қазақ ауыз әдебиетің және қазақ тарихын, тұрмыс-салтын, наным, психологиясын т.с.с. зертеуші ғалымдар мен қалың оқырман үшін құнды бай  материал көзі.

 

   Буқар жырау (өлендер) - С.5-25

     Озера степные: Сборник произведений казахской поэзии V-XIX вв. / Перевод О.Жанайдарова. - Алматы: Раритет, 2008 - 256 с. – Библиотека «Алтын қор».

     Сборник казахской классической поэзии «Озера степные. Два тысячелетия поэзии...», над переводом которого поэт, заслуженный деятель культуры Казахстана, лауреат Международной литературной премии «Алаш», лауреат премии  им. М.Жумабаева, почетный профессор Кокшетауского гуманитарно-экономического университета Орынбай  Жанайдаров проработал  более 20 лет, -  своеобразная антология  из лучших произведений казахской классической средневековой поэзии  V-XIX веков. Переводчиком впервые представлен на русском языке значительный пласт казахской поэзии, до настоящего времени читателю неизвестный, от орхоноенисейских клинописных надписей о Культегине, Тоньюкуке и Бильге кагане до поэзии жырау Шалкииза, Ахтамберды и Бухара.

     Предлагаемый читателю сборник-антология «Озера степные. Два тысячелетия поэзии» - заметное явление в постижении древней поэзии, истории, культуры казахского народа. Для широкого круга читателей.

      Бухар жырау (стихи) - С.148-153

Сматаев, С

     Көгілдер такси. – Алматы: «Ел-шежіре», 2008. – 376 б.

     Қазақтың классик жазушысы Софы Сматаевтың бұл кітабына бүгінгі күннің қытымыр уысына түскен замандастары хақындағы «...Қазақша кек қайтару», «...Қазақша көкірек керу» циклді пьесалары, сондай-ақ республикамыздың барлық дерлік театрларында жүріп жатқан «Көгілдір такси» пьесасы, тарихи тақырыпқа арналған «Абылай хан» драмасы кірген.

   «Ордабасы», «Бұқар жырау», «Шақшақ Жәнібек» және «Сәкеннің  ылдиы мен өрі» 1993-94 жылдары театрландырылған дала сахнасында  қойылған.

    Бұқар жырау  (Ұлы Бұқар жыраудың туғанына 325 жыл толуына байланысты Қарағанды облысында қойылған театрландырылған дала сахнасының сценариі) – С.312-330

    Поэзия жырау и акынов. / Перевод с казахского О.Жанайдарова. Астана: Аударма, 2009. – 304 стр.

 

     Бухар жырау (стихи) - С.148-159

Қозыбаев Манаш

    Шығармалары.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013. - Т.3.-328 б.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. ҚР Президентінің бейбітшілік және ұлтаралық келісім сыйлығының лауреаты Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың шығармаларының бұл томына «Тарих зердесі» атты кітаптың екінші және «Жауды шаптым ту байлап» кітабы еніп отыр.

      Кітап зерттеуші-ғалымдарға, студенттерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.

       «Дала данасы - Бұқар жырау» - С.28-45

                                          Бұқарнаме – С.30

                                   Көмекей әулие – С.34 

                Бұқар жырау тағылымы – С.42

bottom of page