Жақсының аты өлмейді,
Әлімнің хаты өлмейді.
Бұқар жырау
Қуанғанов Ш.Т.
Бухар жырау және оның заманы. – Алматы: Республикалық “Мұрагер” қоғамы, “Ғылым” баспасы, 1992. – 48 б.
Автордың бұл ғылыми – зерттеу еңбегінде өз заманының ірі мемлекет қайраткері, сұңғыла дипломаты, әрі биі, әрі жалынды жырауы болған Бұхардың бейнесі мен шешендік шеберлігі жан – жақты көрініс тапқан.
Джаксыбаев С.И.
Записки краеведа. – Павлодар: ЭКО, 2008. – 240с.
В книге рассказывается о жизнедеятельности видного казахского певца-сказителя Бухар жырау Калкаманулы и старшего султана Баян-аульского округа, этнографа Мусы Шорманова, а также раскрывается этимология названия озер Калкаман и Ямышево. Небезинтересно будет узнать читателям в книге и правду о казачьем атамане Ермаке Тимофеевиче. Очерки построены во многом на архивных материалах.
Омари, Жамбыл
Бұқар жырау: Ғұмырнама. Астана: Фолиант,2008. -360 б. – («Нартұлға» сериясы)
Өз заманыңда «Көмекей әулие» атанған Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы ерлік дәуірінің, яғни арпалысқа толы ХУІІ –ХУІІІ ғасырлардың шежіресі сияқты. Бұл дәуірдің біз үшін жұмбақ сырлары өте көп. Еуразия көшпелілерінің соңғы жауынгер рулары, төл мемлекет, хандар мен батырлар әулеттері, қызыл тілі қара тасты кақ жарған әділ билер, сәуегей абыздар мен бақсылар, қазақ рухын шыңдаған жыраулар дәуірі.
Бұқар жырау –осы дүлдүл топтың төрінен орын алған дара кемеңгер. Ол –Еуразия көшпелілер өокениетінің соңғы жасампаз тұлғасы. Кітап авторы тарихи аныздар мен шежіре, жазба деректері мен мұрағат қолжазбаларына сүйуніп, қызықты да мазмұнды дәуірдің ұлы кейіпкері Бұқар жыраудың бейнесін сүреттеген. Қазақ тарихына, ауыз әдебиеті мен этнографиясына ынтызар аума өз керегін осы кітаптан табады дет үміттенеміз.
Шыныбектегі Қ.
Ботақара –ием Бұқар жырау –кием: өлендер, әндер, күйлер, мақалалар мен новеллар. – Қарағанды:Баспа, 2008. – 197 б.
Қаламгер, ақын, композитор, журналист, ұстаз Қ. Шыныбетегінің әр жылдары жазылған өлең-әндері, күйлері, мақала, новеллары орын алған жинақтың оқырман қауымға берері мол.
Шығармалары ел, жер, тіл, жастық, махаббат тақырыптарын қаузайды. Жинақ соңдай-ақ жас ұрпақты туған жерді сүюге, ңағыз патриот болуға үндейді.
Бұқар жырау мен Мәшһүр Жүсіп мұрасы және қазақ руханияты. (Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалды.- Ботақара, 3 желтоқсан,2009 ж.) – Қарағанды: «Болашақ-Баспа»РББ, 2009.-442 б.
Бұл жинаққа Қарағанды «Болашақ» университеті мен Бұқар жырау ауданының әкімдігімен бірлесе ұйымдастыру нәтижесінде өткен республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары енді. Конференция жұмысы Бұқар жырау Қалқаманұлы мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әдеби және ғылыми мұрасын қазақ руханиятының даму тұрғысынан зерттеуге бағытталды; кітапта тіл, әдебиет, фольклор, тарих, өлкетану, философия, тақырыптарын қамтитын баяндамалар жарияланып отыр. Ғылыми мақалалар әкімшіліктегі ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліп мамандарына, тарихшыларға, этнографтарға, фольклортанушылар мен филолог және әдебиеттанушыларға, кез келген оқырман мен өлкетанушыларға арналған.
Бұқар бабаға тағзым // М.Шибаева, А.Жексенбаева, Ж.Ельжанов, М.Асқарова, Қ.Шыныбектегі. –Қарағанды: «TENGRI LTD» баспаханасы, 2013. – 195 б.
Бұл кітап елімізге танымал адамдардың және шет ел азаматтарының, бұқар бабаға еағзым етушілердің тілектері, сонымен қатар Бұқар жыраудың 340 жылдық тойында өнер
көрсеткен республикаға танымал ақындарымыздың айтысы, облыста және ауданымызда өткен «Бұқарекең жырлайды»
байқауында мүшәйра жанры бойынша жеңімпаз атанған жазба ақындардың жыр-толғаулары топтастырылған. Осы кітап Бұқар жырау Қалқаманұлының 345 жылдығына арналады.
Бұқар жырау тағылымы. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер жинағы. – Қарағанды, 2015.-464 бет.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы ұсынады.
Құрастырғандар: ф.ғ.д., профессор С.Б. Жұмағұлов, ф.ғ.к., доцент А.Б. Жұмағұлов
Кітапта ұлттық жыраулық поэзияның айтулы тұлғасы Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен өнерпаздық болмысы, мемлекетшілдік сана мен рухани кемелділік биігіндегі
толғауларының көркемдік-эстетикалық әлеміне қатысты әр жылдар бедерінде жазылған әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер берілген. Еңбек ұлттық рухани құндылықтарды, ата тарихын қастерлейтін көпшілікке арналған.