top of page

Жеті ғасыр жырлайды: екі томдық. Алматы: Жазушы, 2004. 1-том.-400 бет.

    «Жеті ғасыр жырлайды» аталатын екі томдықтың бірінші кітабына толғауымен тоғыз ханды тоқтатқан Сыпыра жыраудан бастап (шамамен ХІІІ-ХV ғ.ғ.), қазақ сопылық поэзиясының ірі өкілі Кердері Әбубәкірге (ХІХ ғ.) дейінгі қырық екі ақын-жыраудың тандамалы шығармалары жинақталды. Бұл жыр-толғаулар еркіндік пен елдік жолында ұзақ заманаларға созылған ерлік күреске толы ұлттық тарихымыз бен жұрттық дүниетанымыздың көркем шежіресі, рухани айнасы, ой-сана оқулығы да іспетті. Кітапты әзірлеу үстінде бұған дейінгі жарық көрген сан алуан басылымдарды (М. Мағауин, Қ.Сыдиықов, М. Байділдаев, Ә. Дербісәлин, А. Сейдімбеков, Ғ. Әнесов нұсқалары мен өнерпаздардың өз жеке жинақтары, сондай-ақ кезінде осы  томдық редакторы құрастырған «Екімыңжылдық дала жыры», «нар заман мен зар заман поэзиясы», Бұқар жырау жинағы, т.б.) салыстыра тексеру нәтижесінде кеңестік кезендер шырғалаңында бұрмаланған, қысқартылған талай туындылар текстологиялық сүзгіден өткізіліп, қалпына келтірілді; жаңадан қосылғандары да баршылық. Ал Нысанбай жырау, Шынияз ақын сияқты дәстүрлі жинақтарға енбеген тұлғалар шығармалартұңғыш рет кіріп отыр.  

     Буқар жырау (өлең) - С.44-57

Көп томдық шығармалар жинағы Мұхамедханов, Қайым ; Л. Н. Гумилев атын. Еуразия ұлттық ун-тінің "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығы; құраст.: Т.Жұртбай, Е.Іргебаев, М.Ермағанова [ж.б.]- Алматы : Алаш, 2005 .– (Алаш мұрасы. – 9965-669-35-Х, 9965-669-43-0 (2-т.) 2-том. .– 344 б.

     Қайым Мұхамедхановтың шығармалар жинағының екінші томына 1945-1997 жылдар  арасындағы әдебиет тарихы мен текстология мәселесіне арналған көлемді зерттеулері және М.-Х. Дулатидің, Қ. Жалайыридың, Бұқар жыраудың, Жанақ ақынның, Махамбеттің, Дулаттың, Шөженің, Мәшһур-Жүсіптің шығармашылық өмірі жөніндегі ғылыми очерктері хронологиялық тәртіппен енгізілді. Соның ішінде монографиялық сипатта жазылған «Келелі іске кемелдік жарасады», «Түсініктемелер жайында біраз сөз», «Қаракерей Қабанбай батыр» жыры» атты еңбектері ғылымның пайымды парасатын танытатын ғылыми маңызы терең, білікті де бірегей зерттеулер болып табылады. Екінші бөлімге Абайдың өмірі мен шығармаларының жазылу тарихы, сондай-ақ ұлы ақын поэзиясының текстологиясы жайында жарты ғасыр бойы қалам тартқан мақалалары мақсатты түрде топтастырылып берілді. Екінші томдағы қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелерін қамтитын бұл еңбектер жалпы оқырман қауым мен ғылыми ортаның назарын ерекше аударатыны анық.

      Бұқар жырау өмірбаяны мен шығармларын зерттеу мәселесі – С. 54-85

Мағауин М.

      Алдаспан. Көне қазақ поэзиясының антологиясы. XV-XVIII ғасырлар. – Алматы: Атамұра, 2006. – 312 б.

 

      Бұқар жырау туралы мәліметтер - 105-137 б

Сатаев Амантай.

     Замана әпсаналары.-Алматы: “Сөздік-Словарь”, 206. – 264 б.

 

     Бұл жинаққа халқымыздың ардақты азаматтары, данагөй қариялары жайлы бұрын жалпы жұртқа беймәлім болып келген мәліметтер берілген.

 

     Бұқар жырау туралы мілемттер - 170 -173 б.

Антология казахской поэзии / - Алматы : Таймас, 2007 . - 328 с.  – 9965-806-30-6(в пер.)

    Антология содержит переводы стихотворных произведений 25 авторов с XV века вплоть до наших дней. Преимуществоиздания заключается в том, что переводы сделаны одним переводчиком, который смог охватить большой временной континуум.

   Казахская поэзия по своим истокам имеет отношение и к авестийской традиции, и к древне-тюркской литературе, и к литературе тюркско-мусульманского Ренессанса.

   Особенность предлагаемого компендиума в том, что здесь собрана собственно казахская поэзия, с эпохи создания Казахского ханства до начала XXI в.

   Бухар жырау (стихи)  - С.64-95

Қазақ және Еділ бойы халықтары әдебиеттерінің идеялық-творчестволық байланыстары : (шығу тегі мен жолдары) / Ысқақов, Бүркіт, - Алматы : Арыс, 2007 . - 276 б., сурет.

   Ақын, ғалым Бүркіт Ысқақовтың (1924-1991) оқырман қолына  тиіп отырған бұл еңбегі – оның өмірінің соңғы жылдарында жазған зерттеуі, қорғап үлгере алмаған докторлық диссертациясы. Онда қазақ және Еділ бойы халықтары әдебиеттерінің идеялық байланысының шығу тегі мен даму жолдарының бірлігі тарихи тұрғыдан қарастырылады. Қазақ, татар, башқұрт ақын-жазушылары шығармаларының өзара байланысы, мәдени қатынастар және олардың бір-біріне тигізген игілікті ықпалы жан-жақты сөз болады. 1950 жылдары сталиндік зұлматтың қасіретін татқан зерттеуші еңбегі ғалымдар мен ұстаздарға, аспиранттар мен студенттерге, сондай-ақ сөз өнерін қадірлейтін барша қауымға арналған.

   Бұқар жырау Қалқаманұлы – С.53-56

bottom of page