Жақсының аты өлмейді,
Әлімнің хаты өлмейді.
Бұқар жырау
Бұқар жырауға арналған тұңғыш ескерткіш 1993 жылы Қарағанды қаласының Бұқар жырау даңғылы бойындағы темір жол вокзалы алдындағы кең алаңға қойылған. Ескерткіш авторы - қарағандылық мүсінші Мұрат Мансұров. Алайда бұл ескерткіш көпшілік тарапынан сынға ұшырауына байланысты, бұл орыннан алынып, қайтадан жасалды.
Жаңа ескерткіш 2008 жылдың 1-шілдесінде жырау атындағы көше бойындағы Қарағанды қаласының әкімдігі ғимаратының алдына қойылды (қазірде "Миттал Стил Теміртау" АК көмір департаментінің әкімшілік үйі). Ескерткішті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ашқан.
Авторы Қазақстан суретшілері одағының мүшесі, мүсінші - Жеңіс Молдабаев. Ескерткіш Қазақстан суретшілері одағының Қарағанды облысы ұйымының көркем өндірістік комбинатында жасалған. Ол қолдан құйылған. Оның биіктігі 4,2 метр, салмағы - 3,4 тонна.
Темір жол вокзалы алаңында алғашқы қойылған ескерткіш
Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау ескерткіші
Пайдаланған әдебиет:
Бұқар жырау: энциклопедия / ред. Н. Дулатбеков. –Қарағанды: «Болашақ-Баспа», 2013. – 600 б.