top of page
DSC_1295
достопримечательности (5)
достопримечательности (22)
07406170014111830052009201445_800x600
08294580014111850712009201411_800x600
04925220014111824542009201434_800x600
02688430014111824582009201438_800x600
04328590014111830042009201444_800x600
02096050014111824572009201437_800x600

    Бұқар жырау ескерткіші Ботақара кентінде 2014 жылдың 19 қыркүйегінде ашылды. Бұқаржырау жұртшылығы ғана емес, исі қазақ елі үшін аса үлкен маңызды оқиға болды. Бұқар жырау ескерткішін республикалық конкурс жарияланып, 21 эскиздің ішінен ҚР көркем академиясының  мүшесі, мәдениет қайраткері, суретші-мүсінші Бейбіт Мұстафиннің жұмысы таңдап алынды. Автордың айтуынша осы ескерткішті сомдау үшін екі ай бойы кітапханаларда отырып, Бұқар баба туралы ғылыми деректермен  танысқан.

Баба мүсінінде оның ұлылығы, даралығы, даналығы бірден көзге түседі, еріксіз бас идіртеді. Қолындағы таспиығы оның аузынан Алласы түспеген жан екенін аңғартса керек. Ескерткіштің биіктігі 8 метр 40 см, салмағы 16 тонна.

    Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, аудан әкімі Нұркен Қобжанов, жыршы Алмас Алматов, әнші, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан, ескерткіш авторы, архитектор Бейбіт Мұстафин, Бұқар баба ұрпағы Ғалымтай Бахтиярұлы қатысты. Ашу құрметі облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков пен жыршы Алмас Алматовқа бұйырды. Ашылудан кейін жыршы Алмас Алматовтың бастамасымен аудандық өнер мектебінде жыршы-жыраулар сыныбы ашылды. Одан соң шара мәдениет үйінде жалғасып, «Бұқар жырау –бақ мекенім» атты деректі фильмнің   

/авторлары: Ботабек Маратұлы, Майгүл Асқарова/ тұсаукесері жасалып, баба рухына дұға бағышталды.

    Айтбай Жұмағұлов, Балғынбек Имашев, Серікзат Дүйсенғазин, Жансая Мусина, Дидар Қамиев, Мейірбек Сұлтанхандардың қатысуымен ақындар айтысы ұйымдастырылды. Жүргізушілер Майгүл Асқарова мен ақын Қалқаман Сарин.

Пайдаланған әдебиет: 
Ботақара кентінің көрікті жерлері мен тарихи ескерткіштері/ М.Асқарова, 2017.- 10 б.
Фото: Д.Торжанов
bottom of page