top of page

1999 жылдың қараша айында Бұқар жырау ауданының әкімі  Т.Е.Зейнешевтің  шешімімен  әкімшілік  алдына  Бұқар  бабаға  бюст - мүсін  орнатылды. Салтанатты  ашылуына  облыс  әкімі  К.Е.Мұхаметжанов  қатысты. Мүсіннің  авторы республикаға белгілі қарағандылық мүсінші Мұрат Қалқабаев, орындап жасаушылар Виктор Савин, Виктор  Боик.

Салтанатты шарада айтыскер ақын Аманжол Әлтаев арнау айтты. Имам Сұлтанғали Шолақов баба рухына дұға бағыштады. Осыдан кейін К.Мұхаметжанов, Т.Зейнешев, Бұқар баба ұрпағы Рапық ақсақалдар мүсін жамылғысын сыпырып, ашу құрметіне ие болды. Одан кейін мәдениет үйінде концерттік бағдарлама, «Аққу» кафесінде ас берілді.

"Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" ММ, 2018

Ботақара кенті,

Бұқар жырау 70

8 (72154) 2 22 65

  • Facebook Социальной Иконка
  • YouTube Социальные Иконка
  • Instagram Social Иконка
bottom of page