Жақсының аты өлмейді,
Әлімнің хаты өлмейді.
Бұқар жырау
Потанин Григорий Николаевич (22.09.1835, Жәміш - 30.06.1920, Томск, РСФСР) - географ, этнограф, публицист, фольклорист. Омск кадет корпусын (1852) бітірген. Онда қазақ ғұламасы Ш.Уәлихановпен танысқан. Семей, Омскде әскери қызметте (1853-1858). Петерберг университетінде білім алған (1859-1862). Струве экспедициясы құрамында Зайсан көлін зерттеуші (1863-1864). Сібірді Ресейден бөлу әрекетіне қатысушы деген айыппен сотқа тартылып, қара жұмысқа салынды. 1874 жылы Ресей Императорлық география қоғамының өтінішімен кешірім жасалды. 1876 жылы солтүстік-батыс Моңғолияға саяхат жасады. 1918 жылы Уақытша Сібір үкіметі "Сібірдің құрметті азаматы" атағын берді. Қазақ мәдениетін ерекше қадірлеген және тілін терең меңгерген Г.Потанин Семей облысы атынан Орынборда 1917 жылы 21-23 шілдеде өткен бірінші жалпықазақ съезіне делегат болып қатысады. Съезде Бүкілресейлік құрылтайға депутат болып ұсынылады.
Қазақ және түркі халықтарының ауыз әдебиетін жинап, "Қазақтың және Алтай халықтарының аңыздары, аңыз әңгімелері және ертегілері" деген еңбек жазған. Еуропа эпостарындағы шығыстық саран табиғатын қарастырған ("Восточные мотивы в средневековом европейском эпосе"). Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, зерттеу ісіне үлес қосқан. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырының бір нұсқасын ел аузынан жинап жариялаған. "Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел Алаштың ортасы, сонда университет салып қазақтың ұлын, қызың оқытсақ, "Қозы Көрпеш - Баянды" шығарған, Шоқан, абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кіи екенін Европа сонда білер еді-ау" деп білген Потанин еңбегі ерекші қадірлеген Ә.Бөкейхан мақала, А.Байтұрсынұлы, М.Дұлатұлы өлең жазды. Ә.Ермекұлының естеліктері негізінде Потанин тұлғасы Ж.Бектұров кітабында суреттелген. Қазақ халқының сан ғасырлық мұрасын зерттеуге, жинауға ерен еңбек еткен Г.Н.Потанин ыждахатымен Бұқар жырау толғауларының кейбір үлгілері бүгінгі күнге жетті.