Жақсының аты өлмейді,
Әлімнің хаты өлмейді.
Бұқар жырау
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы - 1961, Алматы) - ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғалым. Ұлттық әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінде тың көзқарас, соны пікір ұстанды. Бұқар жырау мұрасын жариялауға үлес қосып, "Таң" журналында (1952) Бұқар жыраудың Көкбай айтуындағы сөздерін, Абылайдың орыспен соғысамен дегенде айтқан сөздерін, "керей, қайда барасың" өлеңін жариялады. Ұлт әдебиетін зерттеудегі алғашқы іргелі еңбектердің бірі "әдебиет тарихы" (1927) кітабының "Зар заман ақындары" бөлімінде жырау тұлғасы, толғау табиғатына қатысты құнды ғылыми-зерттеушідік пікірлер түйді.
"Анығында өсиетшіл қария, толғаушыл жыраудың негізгі міндеті өлеңшілдік емес, елге басшылық істеп, алқа айту болатын. Бұнын екеуі де ең алдымен елдің ақылшы
кемеңгері, заманның сыншысы, қырағысы болатын... Екеуі де жалғыз ел ақылшысы емес, елді меңгерген хан мен бектің ақылшы, уәзірі есебінде болған. Хан шеше алмаған ауыр түйін, қиын жұмбақ, көмескі болашақ болса, барлығына да шешу сөзді солар айтатын. Тыныштық заманда киюы қашып, арасы ашылған қарындасты табыстырып, қосылшаң заманда сасқан елге жол табатын, бет нұсқайтын кемеңгер, көрегені болған" деп жазды. "Бұқар жырау Абылайдың жанындағы уәзірі , заман күйін сынға салып, қорытынды айтып, бет нұсқайтын кемел ақылшы. Абылайдай ханмен бірге қалын елге де өсиет айтады. Айтатын сөзінің барлығы да күнде қазақ елінің басына келіп тұрағн саяси хал, тарихи дәуірге арналады" деп тарихи дәуір болмысына терең бойлайды. "Бұқардың заманы - ел басына ауыртпалық түған заман. Саяси хал, қазақ елінің басына құлдық ноқтасын кигізгелі қабағын түйіп, ауырлап келе жатқан. Сондықтан Бұқардың толғауында екі түрлі күй, сарын бар. Біреуі, жоғарыда айтқан шарт, әлеумет қалын сөйлеу, екінші, сол жайды сөйлегенде мұн зармен, арманмен сөйлеу. Қайғылы пішін, қаралы көңілмен күңіреп сөйлеу" жырау толғауларының идеялық өзегін айқындайды. "Ханға жауап бермесем" толғауын талдай келіп, Бұқар жырау өз заманының мұң шерін Асан Қайғы заманының қайғысымен жалғастырғанын түйеді. Жырау толғауларындағы философиялық ойлардың өсиет пен даналыққа құралғанын екшеп, "Өлең сөздің міндеті елдің ақыл ойын тәрбиелеу, білім үйретіп, басшылық ету, ой түсіріп, көзін ашу, көңілін ояту. Сондықтан өмір ақиқатын теңіздей тереңнен толқытып әкетеді" деп зерделейді. Мұхтар Әуезов М.Жолдыбаев, Ә.Қоныратбаевтармен бірігіп жазған "ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралы" (1933) кітабының "Өлкенің патша үкіметіне бағынуы. Отарлау дәуірінің әдебиеті" деген бірінші бөлімінде Бұқар жыраудың отаршылдық зардабын болжаған толғаулары талданған. Әдебиетші әр жылдары бедерінде жазылған ғылыми мақала ("Қазақ ССР тарихының" (1957) 1 томының "XVIII ғасыр және ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті" тарауы), абайтанудағы зерттеуде Бұқар жырау шығармашылығынан құнды деректер берді.