Жақсының аты өлмейді,
Әлімнің хаты өлмейді.
Бұқар жырау
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) - ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Әкесі Көпейдің 40 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында, Баянауылдың Қызылтау деген жерінде, қыс түнінде, қыстауда, қазақша жыл атты "қой", арабша ай атты "ережеп" деген айда, жұма күні, түс бесін уақытында дүниеге келді. Туғанда азан шақырып қойылған есімі - Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қиссадастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған М.Шорманұлы Адам Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: "Өз заманында халқына Мәшһүр болатын бала екен",-деп, лепес қылыумен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді. Мәшһүр Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысыт. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жылдарды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманатты. Сонымен біргі, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десе те болады: "Қазақтың жері, "Күн батысы - Сырдария,
күншығысы - ұзын ақққан Ертіс, онтүстігі - Жетісу өзені, солтүстігі - Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді..." 10-15 жасында бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузыннан да, қағаз бетінен де жинаумен айналысады. 1887 жылы 29 жасында Бұхара, Ташкент, Түркістан т.б. шаһарларға сапарға шығады. Бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толықтырады. Араб, парсы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады. Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Яссауидің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Онда да бірсыпыра уақыт болып, бірнеше ғалымдармен танысады. Одан әрі Сыр Өңірін аралайды. Майлықожамен жолығады, жеті атасынан бері ақындық үзілмеген дуана қожа Көшек, Күдері қожа тұқымдарымен танысады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлытау мен Кішітауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қылған жұртты аралайды. Осындай екінші сапарында Мәшһүр Жүсіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар шамасында шықса, үшінші сапары 49 жасында (1907) сәйкес келеді. Мәшһүр Жүсіптің үш кітапбы: "Сарыарқаның кімдігі екендігі", "Хал-ахуал", "Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз" атты туындылары 1907 жылы Қазақ қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шыққан 14 қалам иесінің шығармаларын цензура сотқа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғары аталған еңбектері де бар. Мәшһүр Жүсіп аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақындар айтысын т.б. жинайды. "Қамбар батыр", "Ер тарғын", "Ер көкше", "Ер сайын", "Нәрік ұлы Шола батыр" т.б. тәрізді батырлар жырын, "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Алтынбас-Күмісаяқ" т.т. лиро-эпостық жырларды да, сондай-ақ "Киік", "Бозторғай", "Дін үйренетұғын" тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ер Тарғын" жырларын 1866 жылы 8 жасында-ақ қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алған. Ал "Алтынбас-Күмісаяқ" - 200 жолдан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгілерін жинаған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткен.
Зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілер, халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінді мақал-мәтелдерді еренбей ұзақ жинаған. Фольклордың басқа жанрларына қарағанда, мақал-мәтелдерді жинаумен айналысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, "Ұлбике қыз бен Күдері қожа айтысы", "Ұлбике қыз бен Қарақалпақ Жанкел ақын айтысы", "Қалдыбай қожа мен Соқыр Шөже айтысы", "Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Наайман-Түбек айтысы", "Қыз бен жігіт айтысы" тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен. реттілікпен берілген. Ақын қолжазбаларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұқар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қонырат сапақ датқа ақын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғжан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Орынбай, Шортанбай қожа, Қаракесек балта, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туындыларын қағазға түсірген.
Ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгілерді жинау барысында Мәшһүр Жүсіп белгілі бір жинау принциптеріне сүйенген. Ол ақынның ағартушы-демократиялық көзқарасынан туындаған. Ең алдымен айтатын нәрсе, Мәшһүр Жүсіп фольклорды өзгертуге, түзетуге жатпайтын асыл мұра деп білген, мәтінді сол қалпында хатқа түсіру шартын ұстанған. Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы мен өмірі жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бурақ қолжазбаларының көбі түрлі себептермен сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің ел ішінде көріпкел-әулиелігімен танылғаны белгілі. Оған өзіннің дүниеденқайтатын ай-күніне дейін дәл біліп, бір жыл бұрын асын бергізіп кетуі дәлел. Аңызға бергісіз мұндай деректер мен шығармалары қазір 20 том болып басылып жатыр. Ал жарық көрген кітаптар тың деректермен толықтырылды. Ғалымдардың айтуынша, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының зерттелмеген мұрасының өзі әлі талай ұрпаққа азық болмақ.
Бұқар жыраудың мол қазынансын жинақтап, деректік мағлұматтар берген - рухани құндылықтарымызды жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы еді. Бұқар жыраудың арғы бабалары, жатқан жері, замандастары, толғау-термелері жөніндегі қыруар кұндылықтар Мәшһүр Жүсіп жинақтауы арқылы толықтырылды.