Жақсының аты өлмейді,
Әлімнің хаты өлмейді.
Бұқар жырау
Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы. Қазіргі С.Мұқанов атындағы а. - 1973, Алматы) - Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ҒА академигі (1954). ӘдебиетшіСәбит Мұқановтың "Қазақ қауымы" еңбегі қазақ халқының салт-дәстүрін, сөз өніріндегі шеберлік қырларын тануда маңызы зор. Кітаптың "Шежіре және тарих жаыйнда", "Қазақ халқының қоғамдық өмірі", "Материалдық мәдениеті", "Жан азығы", "Жазба азығы", "Жазба әдебиет белестері" атты бес бөлімде халқымызды сан ғасырлық рухани мұрасы терең талданады. Қ.Бекхожинмен бірігіп құрастырған "Қазақ әдебиеті" (1942) хрестоматиясында Бұқар жыраудың "Жал, құйрығы қаба деп", "Ай, Абылай, сен он бір жасында", "атам болған жиырма бес...", "құбылып тұрған бәйшешек", "Асқар таудың өлгені" толғаулары алғаш жарияланды. "Қазақтың XVIII-XIX ғғ. әдебиетінің тарихынан очерктер" (1942) кітабында отаршылдық дәуірдегі ұлт тарихы мен әдебиеті жан-жақты сараланады.
Бұқар заманы негізінде Ресей отаршылдығын айыптап "Өз жырларында Бұқар патша үкіметінің отарлау саясатының неге соғатынын болжады... патша үкіметі отарлықтарға, оның ішінде қазаққа Бұқар жобалаған зорлықтың бәрін көрсетті"деген терең ой өрбітті. "Бұқар жыраудың шығармаларында азаматтық, саяси мотив терең, әлеуметтік маңызы зор. Ол Абылайдың мақтаушысы ғана емес, сыншысы да" деп жазды. Қазақ әдебиетінде Ресей империясының отарлау саясатында наразылықтан туған "зар заман" әдебиетінің тарихи сипатын "... қазақты кедейлендіру, содан кейін аздырып-тоздырып, ұлттығын, елдігін жою" болғанын дәйектейді. "Өлеңі бірі жамау, бірі құрау" деген ауқытта Абай, Бұқар, Шортанбай, Дулаттардың "сөз сатқандығы" шын емес, өлеңдерінің сыртқы құрылысының "теп-тегіс жұмыр, іші алтын, сырты күміс" болмағандығы үшін, бұрынғы сарыннан сатылып шыға алмағандары үшін мінейді деген сындарлы көзқарасын білдірді. "Жарқын жұлдыздар" еңбегінде "Қазақтың халық әдебиетінсіз, Бұқар жыраусыз, Махамбетсіз, Шортанбайсыз Абай да болмас еді. Қазақ әдебиетінің қайнар бұлағы - Абай емес, Абайды туғызған халық" деп түйеді. Сабит Мұқанұлы кеңестік жүйенің интернационализм ұранымен қазақ халқын орыстандыру саясатына ашық наразылығын білдірді. 1969 жылы Қазақ КСР Оқу министрінің бірінші орынбасары А.В.Щербаковтың "Некоторые вопросы научно-педагогических основ интернациональных воспитание учащихся (на материалах школ Казахстана)" деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясындақазақ мектебінің өркендеуіне балта шабатын аралас мектеп типін көбейту жөніндегі ой-пікіріне қарсы шықты.