top of page

Шашырап жатқан қандар көп,

Шашау жатқан малдар көп .

Қайсыбірін айтайын,

Айта берсем сөздер көп.

Үй артында төбешік

Ерттеулі тұрған ат болар.

Қариясы кімнің бар болса,

Жазулы тұрған хат болар.

Өзіңнен туған жас бала

Саудагердей сарт болар.

Өзіңмен бірге туысқан

Алаштан бетер жат болар.

Сыйынған пірің сарт болар,

Бір құдайға шет болар.

bottom of page