top of page

Шүршіт келем деген сөз бар –ды,

Көктен түскен төрт кітап,

Енжіл атты кәләмда.

Егер шүршіт келмесін,

Егер шүршіт қаптаса,

Алып бір кетер ақтарып,

Көмулі көрден денеңді.

Шүршіт келсе Сырға көш

Ішетұғын суы бар.

Келіп сізді қамайды,

Үйтүндік пен беленді.

Баяғыдай еркін деп,

Сарыарқада қалмаңыз,

Сірә ғана шер енді.

Шүршіт келсе жарамас,

Ай-түйіңе қарамас.

Сай суындай сарқырап,

Қалай көшіп барасың.

Найман жатыр өрінде,

Қырғыз жатыр шөлінде,

Атың жатыр белінде,

Түйең жатыр өлеңде,

Он сан Алаш билігі

Хан Абылай төреңде.

"Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" ММ, 2018

Ботақара кенті,

Бұқар жырау 70

8 (72154) 2 22 65

  • Facebook Социальной Иконка
  • YouTube Социальные Иконка
  • Instagram Social Иконка
bottom of page