top of page

Бағаналы орда, басты орда,

Байсал орда қонған жұрт.

Қара түлкі, қармалжын

Қастаспай киген жұрт.

Ақ сары атан аспалап,

Ел жайлауға шыққан жұрт.

Хақтың жолын күзетпей,

Жамандықты ұққан жұрт.

Бас-аяғың бай болып,

Бәсеке дәурен сүрген жұрт.

Байтөбетің маңқылдап,

Байсал тауып үрген жұрт.

Туырлығың қара кес,

Тура, тура болған жұрт.

Тоқтың келсе саспаған,

Шоралар сауымын ішіп тауыспады,

Ағар бұлақ сүтті жұрт.

Көп жылдарға бек сақтап,

Есен де есен болған жұрт.

Бағаналы орда, басты орда,

Байсал орда қонған жұрт.

Мамырап ел болып,

Байсалды жайлау табылды,

Көлдей қамқа төсеніп,

Көрікті ханым түскен жұрт.

Ханым берген қамқа тон

Жырау киіп кеткен жұрт.

Іңкарлар алшаңдап,

Атпен тойға келген жұрт.

Көріп туған көкше тай

Көре астында ат болған жұрт.

Көлеңкелі (...)

Көпке қоныс берген жұрт.

Көбең байлар семіріп,

Көк баһары болған жұрт.

Көңілдестер би болып,

Көпке кеңес айтқан жұрт.

"Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" ММ, 2018

Ботақара кенті,

Бұқар жырау 70

8 (72154) 2 22 65

  • Facebook Социальной Иконка
  • YouTube Социальные Иконка
  • Instagram Social Иконка
bottom of page