top of page

Бұл кісі жылқымен бірге бір ат берсін,

Майы бар екі жылғы құр ат берсін.

Берсе ренжімей берсін,

Ренжитін болса егер,

Астымдағы көкшолаққа құдайым қуат берсін.

Өзінде жоқ болса батырларынан сұрап берсін,

Аузында тісі жоқ қартаң болып жүрмесін.

Барған кісінің шылбырын үзер

Тарпаң болып жүрмесін.

Қылаңдығы базардың шаңқан бөзіндей болсын,

Сұлулығы төренің өзіндей болсын,

Жүрісі Бұқар жыраудың сөзіндей болсын!

bottom of page