top of page

Көк көгершін, көгершін,

Көк кептер ұшар жем үшін.

Көк ала қалқан жамылып,

Ерлер жортар мал үшін.

Тең, тең үшін, тең үшін,

Терек кестім сал үшін,

Теңіз кештім мал үшін,

Қатардан қалдым кім үшін,

(...) саба үшін,

Жиынға барып қорландым,

Тең-құрбымнан кем үшін,

Аллаға қарай зарландым.

Төрде тұрған (...)

Сілкіп ала байландым.

Еділдің арғы жағын

Алты ай жүріп айландым...

Салпы ерінді жылқы үшін.

Естектен құла-алалы көп жылқы

Айдап алдым бермеген.

Жылқы иесі келмеген,

Келсе-дағы бермек жоқ...

Алладан хұқым келмей өлмек жоқ.

"Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" ММ, 2018

Ботақара кенті,

Бұқар жырау 70

8 (72154) 2 22 65

  • Facebook Социальной Иконка
  • YouTube Социальные Иконка
  • Instagram Social Иконка
bottom of page