top of page
Жақсының аты өлмейді,
Әлімнің хаты өлмейді.
Бұқар жырау
Көшер едің көш бастап,
Көшкеніңде қиғаштап.
Қатар-қатар нар тіркеп.
Қалы кілем жаптырып.
Қайрақ қалса тастатпай,
Алып келді таптырып.
Қыздарыңа қызыл ала тон кигізіп,
Қырмызыға малдырып,
Көшке жорға мінеді,
Жол үстінде салдырып.
Бәйбішілер келеді көш алдында,
Жалғыз-жалғыз бастырып,
Көшінің айдынына састырып.
Жолаушыны тоқтатып,
Сары атанды бақыртып.
Шаба кірсем сары аяқ,
Құйып берді мас қылып.
Жолаушыны өрге, қырға қаңғыртып,
Жолаушы айта барар.
Тәшкен базарың зор екен,
Дәулеті оның шу екен.
Су тілесе бал беріп.
Сарты екен бәйбіше
Қалдияға жұртына,
Өрнекті екен бәйбіше.
Зәуре мен Батбадай,
Келбетті екен бәйбіше!
bottom of page