top of page

Күпшек санды күреңді,

Тәбияға жаратқан.

Қырық сан қара қалмақты

Жарлығына қаратқан.

Айбалтасын алтынменен булатқан.

Алафасын арттырып,

Арпалап атты қунатқан.

Лабашы деген бір еліні

Антыменен улатқан.

Ераншы мен Серенді

Тозғындатып шулатқан,

Беріштесін жұрт үстінен дулатқан.

Еңсесі биік боз орда

Салтанатқа орнатқан.

Болаттан шеге соқтырып,

Шаңырағын торлатқан.

Үшбу ердан бек (дарун),

Жасыл көлге мәслихатқа келтіріп,

Мыс табаққа толтырған.

Қазығын қалайыдан қақтырып,

Тоқпағын сом алтыннан соқтырып,

Нықара күміс шаптырып,

Былғары саба пістіріп,

Шыны аяқпен іштірген.

Орындығын оймыштап,

Ою нақыш салдырған,

Сандығын сары алтынға малдырған.

Көшсе қырқын арта алмас,

Қырық мың атан тарта алмас.

Қызыл аяқ мал жиып,

Қалижесін алдырған.

Алғын шығын арқалап,

Бетіне бедер қамқа салдырған.

Туырлығың қара кес,

Толылы бір түңлігің,

Ұшығадан ұстатқан.

Байтағың байып мал беріп,

Байрақты жерге қыстатқан.

Ғаділдігін Наушеруан ғаділге жеткерген,

Жомартлығын Хатымтай жомарттан өткерген.

Күнде мехман күзетіп,

Кесекілеп ет берген.

Имандының ісіне қарап бет берген,

Бір құдайдың дидарын

Сен көрмесең, кім көрер,

Табандасқан дұшпанға

Күнінде қылыш шауып өткерген.

bottom of page