top of page

Айналасын жер тұтқан

Айды батпас демеңіз.

Айнала ішсе азайып,

Көл суалмас демеңіз.

Құрсағы құшақ байлардан

Дәулет таймас демеңіз.

Жарлыны жарлы демеңіз,

Жарлы байға тең келіп,

Жайлауға жарыса көшпес демеңіз.

Жалғызды жалғыз демеңіз,

Жалғыз көпке теңеліп,

Бір жаһанда соғысып,

Кегін алмас демеңіз.

Құландар ойнар қу тақыр

Қурай бітпес демеңіз.

Қурай бітпес құба жон

Құлан жортпас демеңіз.

Құрсағы жуан боз бие

Құлын салмас демеңіз.

Қулық туған құлаша

Құрсақтанбас демеңіз.

Қу таяқты кедейге

Дәулет бітпес демеңіз.

"Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" ММ, 2018

Ботақара кенті,

Бұқар жырау 70

8 (72154) 2 22 65

  • Facebook Социальной Иконка
  • YouTube Социальные Иконка
  • Instagram Social Иконка
bottom of page